Бүгін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Фото: gov.kz

ТАНЫМ
146

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ұлт ұстазы 152 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында өмірге келген, деп хабарлайды madeniportal.kz

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте өмір есігін ашып, 1937 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болған. Оны қалың оқырман ақын, әдебиет зерттеушіcі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, сазгер, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі ретінде таниды. 

Ахмет Байтұрсыновтың өмірін зерттеушілер Ахаң өзінің бүкіл саналы ғұмырын туған елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күреске, ағартушылық қызметке арнап, қазақ халқының рухани қазынасына теңдессіз үлес қосып кеткен ғұлама, ірі қоғам қайраткері болғанын атап айтады. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...