2022 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйы...
300-ден астам қазақстандық шетелдік университеттерде тегін оқи алады
330 қазақстандық шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды,- деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Қазақстан мен басқа елдер арасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқи алады. Яғни, Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзербайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр — 250, Қытай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзербайжан – 8, Вьетнам – 1. Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.
Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізді. Тәуелсіз сараптама комиссиясы негізгі және резервтік тізімге шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесудің орташа бағасының жиынтығы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған үміткерлерді енгізді.
Үкіметаралық гранттар операторы - БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.
Білім және ғылым министрі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің қатысуымен өткен Қазақстан-Еуропа форумында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айта кеткен жөн.