Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдасты...
Уақыт белдеуін қайтару: Аманаттықтар мәлімдеме жасады
"Аманаттықтардың" мәлімдемесі Facebook желісінде жарияланды. Фракцияның бірнеше депутаты Қазақстадағы уақыт белдеуін қайтаруды қолдайтынын айтты. "Мыңдаған халықтың арыз-шағымы, тілегіне орай арнайы мәлімдеме жасағымыз келіп отыр. Amanat фракциясы мәжілісте арнайы жиын өткізді. Әріптестер куә, осы жазда біз өңір-өңірлерді аралағанда, әсіресе Шығыс Қазақстанда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Абай облысында, Жетісуда ең көп сұрақ уақыт белдеуіне байланысты қойылды. Ел бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр. Бәлкім, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан үшін осы уақыт белдеуі ыңғайлы шығар. Бірақ шығыс үшін тиімсіз. Біздің Шығыс Қазақстанда таңғы 2:30-да таң атады. Сиырдың мөңіреген даусынан оянасың, кешкі 5-6-да тас қараңғы", - дейді депутаттар.