«Тақтар таласының» соңғы маусымын 18 млн адам көрген

КИНО
1225

Game of Thrones жанкүйерлері сценаристерге көңілі толмағандарын айтып, сегізінші маусымды қайта түсіруді талап етіп петиция жариялады. change.org сайтында жарияланған петицияға бірнеше күнде миллионға жуық адам қол қойған, деп жазады tellerreport.com. 

«Тақтар таласы» сериалының жанкүйерлері сценаристер Дэвид Бениофф пен Д.Б.Вейсстің жұмысына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, кинематографистер фантастикалық саганың соңын лайықты аяқтай алмаған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, петиция жарияланған бетте оған бірден 480 мың адам қол қойған. «Соған қарамастан соңғы маусым көрілім саны бойынша рекорд көрсеткен. Сегізінші маусымның бесінші сериясын 18,4 миллион адам көрген», деп жазады автор. Оның айтуынша, сериалдың жаңа маусымын көрермендердің 42 пайызы ғана оң бағалаған. Ал өткен маусымда бұл көрсеткіш 71% құраған еді.

Айта кету керек, «Тақтар таласы» сериалы соңғы жылдардағы ең танымал тележобалардың бірі саналады. Сериал Джон Мартиннің A Song of Ice and Fire атты роман желісімен түсірілген және он жылдың көлемінде көрермендердің қызығушылығына  бөленіп келеді. Романда ойдан құрастырылған екі континент арасындағы бәсеке, Вестерос патшалығының билігіне талас сөз болады. Шығармада арғы беттегі күштердің басқыншылығы адамзаттың жойылуына қауіп төндіреді.

Жаңалықтар

Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр, деп...

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...