«Фейримен жуып, қайта береміз». Желіде жілік сүйегіне өтірік май салынатыны туралы видео тарады

Фото: ozgeris.info

Жаңалықтар
1040

Желіде мейрамхана асханасынан видео тарады. Онда белгісіз әйел жілік сүйектерін жуып ішіне май салатындарын айтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Жілік жеп өздерінше болатын қыздарға арналады. Мына сүйектің барлығын фейримен жудық. Енді осының ішіне май салып береміз», — дейді видео авторы.

Мұны көрген желі қолданшылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бәсе, неғылған тегін жілік деп едім», «Енді жіліктің майын жеп болған соң сүйегін пакетке салып алып кету керек болды», «Мына ханым қазақтың көзін ашып отыр», «Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?», деп жазды олар. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...