Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде ант беріп, лауазымына кірісті, д...
Геннадий Шиповских өздерінің депутаттық сауалында жетімдер мәселесі туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz
Мемлекет тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балаларға жеткілікті түрде қолдау жасай алмай келеді. Сенатор Геннадий Шиповских өздерінің депутаттық сауалында осы проблема туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әлі де күрделі мәселелерден арыла қойған жоқ. Жетім балаларға баспана алуға жеңілдік қарастырылған, алайда статистика көрсеткендей, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей баспана беріле бермейді. 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды.
Сенатор сондай-ақ мектеп бітіргеннен кейін көптеген жетімдер оқу орнынан кеткеннен кейін болашақ өмірін қалай жалғастыру керектігін білмейтінін атап өтті. Осыған байланысты ол білім алуға мүмкіндік беру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жетім балаларға арналған грантқа квотаны ұлғайтуды ұсынды.
«Шешуші мәселе – жұмыспен қамтудың шешімін табу болмақ. Өкінішке орай, бүгінгі күні орта мектепті бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы мансап орталықтарының квотасы шеңберінде барлығы 4 275 адам жұмысқа орналасты, оның 85-сі ғана жетімдер.
Жастар арасында жұмыспен қамту шараларымен 188 663 адам қамтылса, оның небәрі 56-сы ғана жетім балалар. Бұл мәселені көтеру себебім, өзім де ата-анадан ерте айырылып, балалар үйінің тәрбиесін көрдім және бұл мәселелерді іштен білемін десем артық болмас. Ондағы жолдастарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз. Онымен қоса, менің атыма жетім азаматтардан көптеген өтініштер келіп түседі, олардың басым бөлігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналасуға қатысты», - деді Геннадий Шиповских.
Депутат премьер-министрге кәмелетке толған жетім балаларға тұрғын үйді күту мерзімін қысқартатын арнайы бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру үшін дербес бағдарламаны іске қосуды ұсынды. "Өзім де ата-анадан ерте айырылып, Балалар үйінің тәрбиесін көрдім. Ішінен білем” дейді депутат.