Астанада өрт шыққан ғимараттан 6 газ баллоны шығарылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1862

Елордада өрт сөндірушілер жойқын жарылысқа жол бермеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uni тілшісіне сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Алматы ауданы Жұмабаев даңғылы бойындағы екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған дәмханадан өрт шыққан.

Өрттің ауданы – 80 шаршы метр. Ғимаратта жиһаз, шатыры мен тұрмыстық техника өртенген. Өрт сөндірушілер 50 литрлік 6 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.

Таңғы сағат 6 шамасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. 

Шоу-бизнес

Әнші Мұрат Қожа көпшілікке жақсы таныс «Жаулап алды махаббат» әнінің қалай шыққанын...

СПОРТ

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіспен бастады, деп ха...