Түркістан облысының тәртіп сақшылары жоғалған 4 жасар бүлдіршінді тауып берді

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
630

Түркістан облысының тәртіп сақшылары жоғалған 4 жасар бүлдіршінді сауда орталығынан іздеп тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Polisia.kz мәліметінше, кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен төрт жасар баланың анасы Созақ ауданының сақшыларынан көмек сұрады.

Оқиғаға бірден назар аударған полицейлер дереу жеке құрамды жұмылдырды. Кешқұрым болған соң тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәлардан жауап алды. Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты, – делінген ақпаратта.

Баласымен қауышқан ана Созақ ауданы сақшыларының жедел әрекетіне алғысын жеткізді. 

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...