Түркістан облысында Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда-саттықтың, мәдениет пен өркениеттің орт...
Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев қайтыс болды
ашық дереккөз
1205
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, танымал жеңіл атлет, Сурдлимпиада ойындарының 2022 жылғы чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден озды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жазды.
"Бүгін қазақ спорты қара жамылды.
Жазғы Сурдлимпиада ойындарының 2022 жылғы чемпионы Фархад Қыстаубаев мезгілсіз өмірден өтті.
Марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстары мен спорт қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын.
Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!", - делінген жазбада.