Коронавирусқа қарсы флеш-мобқа көп қаражат жұмсалған - Айгүл Соловьева

ЖАҢАЛЫҚТАР
3415

Коронавируспен күреске бөлінген көлемді қаражат флеш-мобқа жұмсалған. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева бүгін онлайн-брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Президент коронавирус инфекциясымен күресуге 191 миллиард теңге бөлінгені туралы айтты. Оған дейін шамамен 400 миллион доллар бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл қаржы қандай шараға бөлінгенін анықтап жатыр. Мендегі ақпарат бойынша, 600 миллион теңге флеш-моб ұйымдастырған жарнамалық компанияға бөлінген. Дәл қазіргі жағдайға жеткізбес үшін бұл қаржыға қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құралдарды алуға болар еді. Дегенмен. осы 600 миллион теңгенің 200 миллион теңгесі әлі жұмсалмаған екен. Бірақ ол қаржы ҚР Денсаулық министрлігі ұйымдастырған тендерге қатысып, ұтып алған компанияға аударылып қойды», - дейді ол.

Оның айтуынша, қандай дәрі жоқ, қай дәрінің бағасы қаншаға қымбаттағаны туралы хабарламалар азаматтардан түсіп жатыр. «Президенттің үндеуінен оның орын алып жатқан құқық бұзушылық жағдайлар туралы хабардар болып отырғанын білдік. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын жасап отырғандармен жұмыс істеуге тапсырма берді. Республикалық арнайы мониторинг тобы Президент бұл тапсырманы бергенге дейін екі күн бұрын жұмысты бастап кетті. Орын алып жатқан жағдайларға наразы болу – бір бөлек, ал мәселені шешуге үлес қосу – бір бөлек. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмек бағасын 1,5-2 есе қымбаттатқан фактілерді анықтадық», - деді Айгүл Соловьева.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...