Күлтегін мәтіндер жинағы 14 тілге аударылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3798

Халықаралық Түркі академиясында «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтті. Семинар барысында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әзірлеп шығарған Күлтегін ескерткішіне арналған мәтіндер жинағын таныстырды.

Аталмыш еңбек әлемнің 14 тіліне аударылды. Атап айтқанда Күлтегін бітіктасы мәтінін ағылшын, әзербай­жан, қазақ, корей, қырғыз, мажар, монғол, неміс, орыс, татар, түрік, тыва, қытай, және француз тіл­дерінде ғылыми және  көркем аудармалары жарық көрді. Сондай-ақ жинаққа Күлтегін кешеніне қатысты тың ғылыми мәліметтер, мұрағаттағы тарихи құжаттар мен сызбалар кіргізілді. 

Фото: дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...