Қазақстандық құтқарушылар қатарына ММА спортшысы Артем Резников қосылды

Фото: ТЖМ

Жаңалықтар
309

ТЖМ құтқарушыларының қатарына белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников қосылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Артем Резников – ММА аралас жекпе-жегінің қазақстандық танымал спортшысы, АСА (Absolute Championship Akhmat) қамқорлығымен жеңіл санаттағы дивизионның белсендісі, жеңіл салмақтағы АСА гран-при атағының иегері.

Енді ол Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының ұйғарымымен дәстүрлі түрде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аудармақ. Спортшы әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Алматы қаласы ТЖД гарнизонында спорт идеологиясын насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттыру жұмыстарымен айналыспақ. 

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...