Ғ.Мүсірепов театры жаңа маусымын балаларға арналған премьерамен ашты

ТЕАТР
1474
77 жылдық тарихқа бай Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 2022 жылдың 7-ші қыркүйегінде жаңа маусымын ашты. Өз көрерменін сағынған театр әртістері мен сүйікті кейіпкерлерін сағынған халық бір-бірімен қуана қауышты.
Жаңа маусым өз шымылдығын «Ойнайық та, ойланайық» балаларға арналған ертегісінің премьерасымен ашты. Туындының авторы В.Маслов, М.Супонин, аударған театрымыздың артисі - Д.Әбікеева. Антон Зайцев режиссерлік еткен бұл қойылым бірінші күннен-ақ көптің көңілінен шыға білді. Премьера атмосферасын жасау мақсатында қойылым басталмас бұрын кішкентай балаларға арналған қызықты ойындар мен шоу көрсетілімдер орын алды. 
Мерекелік бағдарламадан соң, жаңа қойылым кіші залда өтті. Қойылым тамашалауға кішкентай көрермендермен қатар театр сыншылары да жайғасты. Олардың бірқатары Анар Еркебай, Бақыт Нұрпейіс, Мәншүк Тәшімова, Айжан Ахмет, Назерке Құмарғалиева өздерінің пікірлерімен бөлісіп, балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарлық жүйесі театр атауына сай туындыларен толығып жатқанына деген оң көзқарастарын білдірді. Спектакльдің басты ерекшелігі  - әртістердің балалармен қарым-қатынас жасай отырып, интерактивті бағытта өтуі. Сонымен қатар, тек кішкентай бүлдіршіндер ғана емес үлкендер де көріп бір сәтке өздерін сәби сезініп, балалық шақтарына саяхат жасай алғандарын жасырмады. Жаңа маусымның ашылу салтанаты бұнымен аяқтала қойған жоқ.Театрымызда БАҚ өкілдеріне алдағы  жоспарлармен бөлісіп әрі сұрақ-жауап алмасу үшін сағат 17:00-де пресс-конференция өткізді. Бұл жиынға театр директоры Талғат Есеналиев, көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, режиссері Мұрат Ахманов және театр әртісі Гүлжамал Қазақбаева қатысты. Ал сұрақ қоюшы тараптан Аманкелді Мұқан, Меруерт Жақсылықова сынды белгілі театр сыншылары өз жылы лебіздерін білдірумен қатар, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Театр жаңа маусымның ашылуында үлкен көрермендеріне арнап қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» (реж.: Ф.Молдағали) қойылымын сахналады. Көрермен өз Құлагері мен Ақанын, басқа да сүйікті кейіпкерлерін сағынғаны ыстық ықыластарынан сезілді.
Кезекті демалыстан оралған театр ұжымы өз көрермендерін түрлі жаңалықтарымен қуантатын күндері әлі алда екенін жеткізді. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...