Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесінің марқұм жайлы айтқан сөзін сынға алды, деп хабарлады made...
«Туған ағамдай жақсы көрдім»: Арман Дүйсенов Индира Елеместің жертөледегі студиясында көз жұмған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Марқұм Арман Дүйсенов өмірінің соңғы айларында танымал әнші Индира Елемеске тиесілі жертөледе орналасқан ән жазу студиясында тұрыпты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында танымал әнші Индира Елемес айтып берді.
«Жүрегі тоқтап қалып, бір сәтте өмірден кетіп қалды. Қатты қиналған да жоқ. Ауырып, төсек тартып жатып та қалмады. Студиядағы балалар айтады, су ішті, бәріміз «қалайсыз? бәрі жақсы ма?» деп сұрағанда «иә, бәрі жақсы» деп су ішті де жатып қалды. Сол жатқаннан бір сәтте кетіп қалыпты. Таңғы сағат 8-9-дар шамасы екен», — деді Индира Елемес «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.
Индира Елемес үшін Арман Дүйсеновтен айырылған сәт қорқынышты түстей. Тіпті Арман Дүйсенов қайтыс болғаннан кейін әнші оның жаназасын өз шаңырағынан шығарғысы келіпті. Бірақ имамдар екеуінің туыстық байланысы болмағандықтан рұқсат бермепті.
«Туған ағамдай жақсы көрдім. Қатты құрметтедім. Негізі мұндай тақырыпты қайта қозғау өте ауыр. Бірақ ақиқаты – осы. Біз өз шаңырағымыздан жаназасын шығарғымыз келді. Бірақ имамдар айтты, олай болмайды деп. Былай келгенде, сенің туған ағаң да емес деді. Содан жаназасы Орталық мешітте оқылды», — деп еске алды әнші.