Қыста өршиді: Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Медицина
293

Ғалымдар әлемде ауыр індеттің тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағуда, деп хабарлады madeniportal.kz күн.кз-ке сілтеме жасап.

Ковидтің ХЕС штамы Германияда тіркеліп үлгерген.

Америкалық ғалымдар бұл вирустың бұрынғылардан қауіптірек әрі ол тез жұғатынын айтуда. Ғалымдар азаматтарға қазір қолданыста бар вакциналарды ектіріп, алдын ала қамдануға шақырады. Өйткені сырқаттың жаңа түрі, әсіресе қыста өршиді.

«Коронавирустың жаңа штамдары үнемі пайда болып отырады. Біз Ковидтің ешқайда кетпейтінін түсінуіміз керек. Өйткені вирус мутациясымен сипатталады. Яғни езгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Өткен аптада елімізде 25 науқас стационарда медициналық көмекке жүгінген. Біз, бұрынғыдай, халықтан сынама алып, Ковид-19 қоздырғыштарының бар-жоғына зерттеу жүргіздік. Қандай штамм айналымда екенін анықтадық. Әзірше халықтың алаңдауына еш себеп жоқ», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапова.

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...