Ұйқыдан тұра сала не істеуге болмайды? Дәрігер жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Медицина
234

Дәрігер-кардиолог Ольга Бокерия таңертең ұйқыдан оянған соң телефон ұстамауға кеңес берді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Маманның сөзінше, таңертең ми күні бойы дұрыс жұмыс істеуі үшін дұрыс "іске қосылуы керек".

"Қалыпты жағдайда ми төрт деңгейден өтеді: тета-толқыннан дельта толқынға, сосын альфа-толқын мен бета-толқынға. Бірақ телефон ұстаған кезде бұл процестің орындалуына мүмкіндік бермейсіз. Бірден дельта-толқыннан бета-толқынға тастайсыз", – дейді ол.

Нәтижесінде адам миы "қажетсіз күйзеліске" ұшырайды. 

"Сондықтан таңертең оянғанда алғашқы жарты сағат телефон ұстамаңыз. Бұл ұйықтар кезге де қатысты", – деп кеңес берді кардиолог. 

Мамандар спортпен шұғылдануға кеңес береді. Себебі бұл тек денеге емес, көңіл-күйге де оң әсер етеді. 

"Спортпен шұғылданғанда бұлшықет тартылып, қуаныш гормонын бөледі. Ми сигналды қабылдап, біз рахаттанамыз. Сондықтан спортпен шұғылданыңыз", – деп түйіндеді маман. 

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...