1 шілдеден бастап дәріхана сөрелеріндегі дәрі-дәрмектер таңбалана бастайды. Бұл дегеніміз әр пре...
Алматыда коронавируспен ауырғандардың саны артты
Сурет: Алматы ӨКҚ
Алматыда соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың саны артты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.
"Қаңтар айының басынан бастап Алматы тұрғындары арасында коронавирус ауруының 302 расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп", - деді Әсел Қалықова.
Ол қазір қалада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі республиканы вакцинамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда", - деді эпидемиолог.
Бұған дейін Қазақстандағы бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқанат Сәдуақасовтың ауруханалардағы медицина қызметкерлері үшін бетперде режимін қайтаруды көздейтін қаулысы жарияланған болатын.