Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болды

Фото: ТЖМ

Жаңалықтар
136

Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шықты, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт алдын ала 24 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Сағат 23:46-да оның толығымен жойылғаны туралы хабарлама келді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...