Елордада «Жаңа толқын» дәстүрлі музыка кеші өтті

Жаңалықтар
2773

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Халық әні бөлімінің “Жаңа толқын” дәстүрлі музыка кеші өтті.

Кештің мақсаты Ұлттық өнеріміз ұлықтап, қасиетті қара домбыраның үні мен қазақы қоңыр әндердің салтанат құрған кешін елорда тыңдармандарына ұсыну болды. 

Ақан сері, Біржан сал, Мұхиттардан бастау алған әншілік өнерді жалғастыратын аға буын осы кеште жас әншілерге үміт артып, болашағынан зор үміт күттіретін дарын иелері жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. 

Кеште «Қорқыт» этно-ансамблі мен «Шалқыма» Халық би ансамблі, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Айнұр Қонысбаева, Айдос Оңғарбай, Жандос Иманбай, Дарын Құдайберген, Арафат Ысқақов, Жақсыкелді Маясаров, Шолпан Шарапатова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Сәулежан Тағзия сынды талантты жаңа толқын өнер көрсетті.

 Ұлттық өнеріміз жасай берсін, жаңа толқын – жас талант иелеріне сәттілік тілейміз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...