Қазақстан Америкаға Алматыдағы жер телімін не үшін жалға бермек?

Фото: Қармақшы таңынан

Жаңалықтар
232

Қазақстан Америкаға 49 жыл мерзімге жаңа консулдық салу үшін ауданы 70 мың шаршы метрден асатын Алматыдағы жер учаскесін жалға береді. Бұл туралы Stan.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Үкіметтің қаулысында жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын деп жазылған.

"Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка құрама штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", – делінген үкімет қаулысында.

Құжат негізінде АҚШ келесі көшелер арасында орналасқан ауданы 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға алады. Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшесі. Консулдық мекеменің ғимаратын салу және пайдалану үшін жер учаскесін жалдау шарты жасалған күннен бастап 49 жыл мерзімге беріледі. Айта кететіні жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін.

"Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі үшін және одан кейінгі барлық 49 жылдық ұзарту кезеңдері үшін (жалпы ұзақтығы шектеусіз) жалдау ақысының мөлшері 25 301 016 долларды құрайды және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады", – делінген қаулыда. 

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...