5 жыл бойы жөнделген бір көшенің жыры наразылық тудырды

Фото: Әсет Құндақбаев

Жаңалықтар
183

Қостанай қаласында әл-Фараби даңғылындағы (141/1-6) бес жыл бойы жалғасып келе жатқан жол жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың үлкен наразылығын тудырды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары тиісті дайындықсыз жүргізіліп жатыр. Су өткізу жүйесі болмағандықтан, су жиі жиналып қалатын жерге асфальт төселген. Бұл жолдың сапасын төмендетіп, қыс пен көктемгі су тасқынынан кейін асфальт қайта бұзылуы мүмкін деген алаңдаушылық тудырады.

Әл-Фараби даңғылының тұрғыны Анатолий Чернушканың айтуынша, жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуынан «батпаққа» айналған жолда адамдарға жүру қиын.

Тұрғындардың Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жасаған көптеген өтініші нәтиже бермей, мәселе шешілмегендіктен, тұрғындар бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеруге мәжбүр болған. 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...