Алматыда жаппай жол апаты болып, бір мезетте он көлік соғысып қалды

Фото: azattyq.ryhy

Жаңалықтар
165

Алматыда жаппай жол апаты болып, ондаған көлікке зақым келді. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының бойында Тілендиев көшесінің қиылысында орын алған.

Белгілі болғандай, жолда келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, рөлге ие бол алмаған. Осылайша, бір тізбекпен келе жатқан бірнеше көлік бірінің артынан бірін соққан.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, Рысқұлов даңғылының бойында Тілендиев көшесінің қиылысында 10 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Жүк көлігінің жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, ол бірнеше көлікпен соқтығысқан. Зардап шеккендердің саны және егжей-тегжейлі жағдайлар анықталады», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар

6 қазанда Қарағанды облысында 40 гектар  құрғақ шөп өртеніп, 4 адамды күйік шалды, деп хабарлай...

Жаңалықтар

Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласында белгісіз біреулер адамдарға оқ атты, деп хабарлайды ma...