Едіге Емберді әлем чемпионы атанды

Сурет: ҰОК

Спорт
315

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-іне сілтеме жасап.

89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырды.  

Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.  

Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 келі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. 

Жаңалықтар

Алматыда қызға дөрекілік танытып, тиіскен ер адам анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ерпола...

Жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20, 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарл...