Қарағанды полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімде...
«Қасақана өртеген»: Атырауда тұрғын үйден әйел адамның өлі денесі табылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлады madeniportal.kz.
25 қыркүйек сағат 03:03-те Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатынан өрт шыққан. Бұл туралы Атырау ТЖД-ның әлеуметтік парақшасында жариялады.
«ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу», - делінген жазбада.
Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 17 құтқарушы, 4 бірлік техника және АМО 3 қызмеркер, 1 бірлік техника жұмылдырылған.