ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жыл сайын ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптаст...
Жұмыстан 4 сағатқа сұранып, жұмысынан айрылған әйел сотта жеңіп шықты
Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысында сот әйелді 4 сағатқа сұранып кеткені үшін жұмыстан шығарып жіберген компаниядан жәбірленушінің пайдасына 895 520 теңге көлемінде еңбекақы өндіріп берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Ақмола облыстық сотының Азаматтық істер алқасы көпбалалы ананың ЖШС басшылығының жұмыстан босату туралы бұйрығын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Соттың мәліметінше, көпбалалы әйел 2023 жылдың қыркүйегінен бастап дүкенде кассир болып жұмыс істеген. 2024 жылдың 4 наурызында ол директордан сұранып, төрт сағат жұмыс орнында болмаған, оның орнына әріптесі жұмыс істей тұрған.
"Бірақ дүкен директоры жұмыста болмағаны туралы акт жасап, түсініктеме жаздырып, жұмыстан шығару туралы шешім шығарған. Сот жұмыстан босатылуын заңсыз деп тапты. Жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаға негіз жоқ. Куәгерлер мен дүкен қызметкерлері дүкен директорынан демалыс сұрағанын растады. Тәртіптік жаза қолдану тәртібі бұзылған, бұйрықта жұмыстан босатудың негізі көрсетілмеген", – делінген сот хабарламасында.