Астанада оқушы қыздарға қырындаған 43 жастағы мұғалім жұмыстан қуылды

Скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
2231

Астананың 32-ші гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат  21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.

Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.

«Бүгінгі таңда қалалық полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда түн ішінде темекі тартуға шыққан ер азамат кездейсоқ өз киімін өртеп, ауыр күйік алған....

PESTEL

Ресейдің Әзербайжандағы елшісі Михаил Евдокимов 14 қарашада Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне ша...