Назарбаев Головкинге: Әділ жекпе-жекте тағы да өз шеберлігіңді көрсеттің

Жаңалықтар
1415

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады.

Елбасының қазақстандық боксшыны құттықтау хатын баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

"Құрметті Генадий! Сені кәсіби бокс рингіндегі жарқын жеңісіңмен құттықтаймын", - деді Назарбаев. Елбасының сөзінше, боксшы жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін көрсеткен.

"Өзіңді шыңдауың және ұдайы ұмтылуың саған көптеген спорт шыңдарын бағындыруға мүмкіндік берді, ол қазақстандық спортшылардың жаңа буыны үшін үлгіге айналды", - деп жазды Тұңғыш президент құттықтау хатында. 

Назарбаев боксшыға зор денсаулық пен үлкен жетістіктер тіледі.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...