Ресейдің барлық аумағында әуе дабылы қағылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
148

Дауыс зорайтқыштардан «Назар аударыңыз!» азаматтық қорғаныс сигналы естілді, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сиренаның дыбысын естігенде, сіз сабырлық сақтап, үрейленбеуіңіз керек, теледидарды – кез-келген қоғамдық арнаны немесе радионы қосып, ақпараттық хабарламаны тыңдауыңыз керек», – деп хабарлайды Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Ведомствода атап өткендей, Ресейдің барлық аймақтарында, соның ішінде Мәскеу мен Мәскеу облысында халықты ескерту жүйелері тексерілуде.

2 қазанда сиреналардың іске қосылуынан басқа, орталық теледидарда да ескерту хабарламасы таратылатыны атап өтілді.

Жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сынып жетекшісі Зайтуна Мұқажанқызының 80 жасқа толуына бай...

Спорт

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады, деп хабарлады made...