Олимпиада чемпионына айыппұл салынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
375

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев жылдамдық асырғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлады madeniportal.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан президенті сыйға тартқан Chevrolet Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосын жариялады.

Бұл жайт желі қолданушылар арасында кеңінен талқыға түскен соң, боксшы видеоны өшіріп тастады. Дегенмен жылдамдықты шектен тыс асырған Асадхужаға Ташкент қалалық ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы айыппұл салған.

"Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің жоғары жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді", - делінген хабарламада.

 

Жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сынып жетекшісі Зайтуна Мұқажанқызының 80 жасқа толуына бай...

Спорт

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады, деп хабарлады made...