Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
407

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы журналист Оралхан Дәуіт әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, өнер иесінің жаназасы ертең оқылатынын айтты.

Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...
Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.

Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды.
Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді,- деп жазды ол. 

Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаева Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Майбұлақ ауылының тумасы. “Мен саған өкпелемеймiн“ атты әнімен елге кеңінен танымал талантты әншінің “Бишi қайың“, “Қыз-қарағай“, “Сары бидай“, “Мен деп ойла“, “Сүйген жүрек“ “Туған жер“, “Наркескен“, “Күз секiлдi“ сияқты туындыларды орындау арқылы көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген. 

Жаңалықтар

Шымкентте балабақшада баланы ұрып-соғып, аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауа...

Жаңалықтар

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның дрондары шекараны бұзғанын мәлімдеп, жағдай қайталанса, оны соғыс...