Сайлау: Мәулен Әшімбаевтың 5 мүмкіндігі

Жаңалықтар
4215

Мәулен Әшімбаев

«Мәдениет порталының» сайлауға қатысты сүйекті сараптамалар бере бастағаны мені қуантып отыр. Кейбір адамдар: «Мәдениет порталының» сайлауға қала берді саясатқа не қатысы бар?! Еліміздің мәдениет саласындағы қазіргі көптеген кемшіліктерді көрсетіп, нақты жұмыспен емес, жарнамамен айналысуды ғана мақсат еткен ҚР Мәдениет және спорт министрлігін неге сынамайды?!», – деп, назын айтып, жанашырлық танытқан жандарды құлағымыз шалып жатыр. Дұрыс. Мемлекетіміздің мәдени саласы туралы нақты сын-мақалаларымызды алдағы уақытта жүйелі түрде ұсынамыз. Портал ұжымы жариялайды деп ойлаймыз. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Демек, сайлау туралы мақалалар, сараптамалар біздің саяси мәдениетіміз. Азаматтық көзқарасымыз. Сол себепті оқырман ретінде өз ойымызды білдіру артықтық етпес деп шештік.

Менің қолыма қалам ұстатқан негізгі себеп – порталда жарияланған «Саяси текетірес: Назарбаев Тоқаевқа неге сенбейді?» деген сараптама ішіндегі «Енді не болмақ? Назарбаевтың таңдауы кімге түсуі мүмкін?» деп аталатын тақырыпша толғандырды. Толғандырып қана қойған жоқ, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың осы сайлауға түсуге толық негіз болатын 5 мүмкіндігі жайында толықтырып, тоқталып өткім келіді.

1. "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өткізген кеңесте Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты «Nur Otan» партиясы алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға тиіс екенін айтты. Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев: «Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады», – деді. Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын жүрген тұлға ретінде және оның биографиясы да, географиясы да Назарбаевтың да, басқалардың да көңіліне қонымды екенінде. Осындай аумалы-төкпелі уақытта ұйымдастыру жұмыстарын М. Әшімбаевқа сеніп тапсырып, соңында үлкен аренаға өзін алып шығуға зор мүмкіндік бар.

2. Мәулен Әшімбав – кез келген саяси сәттерге сақ қарайтын және оны тез арада сараптай алатын сергек ойлы, сенімді саясаттанушы. Қазіргі уақытша президент Тоқаев секілді зиялы отбасында дүниеге келген. Қазақ мүддесі мен мемлекеттік тұтастығына қауіпті сөз бен әрекеттерге қарсы үн қатып, кезінде Ресей Парламент өкілдерінің Қазақстанмен ортақ парламент құру, шекараны ортақ қорғау секілді жымысқы ойларына да батыл позиция білдірген текті азамат. Халыққа өзінің саяси сараптамалары арқылы ерте танылған. Әкесі Сағат Әшімбаев – әдебиет сыншысы ғана емес, қоғамдық процестерге ерте араласып, ойлылығымен, білімдарлығымен ұлттың танымал тұлғасына айналған жан. Оның телеарнадағы "Қарыз пен парыз" хабары әлі де жұрт жадында. Желтоқсан көтерілісн арнайы тапсырыспен видеоға түсіртіп, таспаларын да сақтатқан, қанды тарихтың нақты дәлелін сақтауға бар күшін салған бірден бір қайраткер.  АнасыШәрбану Бейсенова да жазушы ретінде танымал тұлға.

3. Мәулен Әшімбаев– Назарбаев тәрбиелеген орта буын саясаткерлердің ішіндегі ең ұстамдысы әрі өзінің бағытынан, позициясынан таймаған азсанды саясаткердің бірі. Ол "Жас түріктерден" кейінгі толқынның белді өкілі. Оны өзі тұрғылас Ерлан Қарин, Айдос Сарым, Берік Әбдіғали секілді интеллектуал орта қорғап, қолпаштайды. Назарбаев өзінің мұрагерін осы буыннан таңдауы әбден мүмкін.

4. Мәулен Әшімбаев – осыған дейін саяси-экономикалық топтардың, кландардың ортасынан бой көрсетпеген, ісіне берік, әр қадамын орнымен басатын жан. Ол назарбаевтар династиясының болашақ қауіпсіздігіне кепіл болуға бар. Себебі, оны осы күнге дейін биік белестерге бастап келе жатқан өзге емес, Назарбаевтың өзі. 

5.Мәулен Әшімбаев– 1999-2011 жылдар аралығында – 10 жыл бойы тек қана қауіпсіздік саласында қызмет етті. Елдің ішкі және сыртқы саясатын жетік біледі. Ол ҚР Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі және ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (бұл да қауіпсіздікке қатысты). Содан кейін V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Елге төнген қауіп-қатерді ертерек, дер кезінде сезе алатын саяси иммунитеті әбден қалыптасқан тұлға.

Құмар Шәмші


Порталдың PESTEL бөлімін оқи отырыңыз



author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...