Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған блогер тізерлеп отырып кешірім сұрады

Фото: ulysmedia

Жаңалықтар
473

Блогер Әлішер Теменов ағаттық жібергенін мойындады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын, – дейді Теменов.

Өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған. 

– Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой, – деген блогер жарнамасында.

Кейін бұл сөзі үлкен шу туғызып, блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болған. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...