Биылғы «Үркер» ұлттық сыйлығын кімдер жеңіп алды

Жаңалықтар
2082

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандарға   «Үркер» ұлттық сыйлығы  табысталды. Ұлттық премия баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында үздік жетістікке жеткен сондай-ақ өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген, әрі журналистиканың беделін көтеруге атсалысқан, сондай-ақ қоғамның азаматтық белсенділігін көтеруге үлес қосып жүрген мамандарға берілді.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және шығармашылық адамдарының елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.

1. Үздік фотосурет - Тұрар Қазанғапов "Tengrinews.kz"

2. Үздік сараптамалық материал - Әсел Мұқанова, "Казахстанская правда" тілшісі

3. Үздік репортаж - Илья Астахов "Today.kz"

4. «Үздік журналистік зерттеу» - Асқар Джалдинов Time.kz

5. «Үздік интервью» - Гүлзина Бектасова «Айқын» газеті

6. «Қазақстан туралы үздік танымдық материал» - Яков Федоров "Yvision.kz"

7.  «Үздік халықаралық сараптамалық материал» - Исабаева Сауле "ЦентралАзияМонитор"

8. «Астананың 20 жылдығына арналған материал» - Ғалым Омарханов "Қазақ газеттері"

9. «Үздік аймақтық радиостанция» -  "Жұлдыз FM" радиосы

10. «Үздік аймақтық баспасөз басылымы» -  "Жетісу" газеті

11. «Үздік қазақстандық радиостанция» -  "Шалқар" радиосы

12. «Үздік Интернет БАҚ» - "Informburo.kz"

13. «Үздік республикалық баспасөз басылымы» - «Egemen Qazaqstan» газеті

14. «Үздік вайн» - Нұрлан Батыров

15. Экономика мен қаржы туралы үздік материал - "Капитал" газеті

Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталды. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болды.  

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...