Елордалық әйелдің азаматтарға жасаған ерсі әрекеті әшкере болды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
521

30 жастағы астаналық азаматша инстаграм әлеуметтік желісінде азаматтарға қаржылық схемаларға қатысу арқылы ақшаларын екі есеге арттыруға уәде берген. Қызметі үшін ол алдын-ала ақша сұраған, бірақ ақшаны алғаннан кейін ол із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Осылайша елорданың 44 жастағы тұрғыны алаяққа сеніп, 6 миллион теңге көлемінде ақшасын берген, содан кейін қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан.Әйелдің алаяқтықтың ұқсас 17 эпизодына қатысы барын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...