Шымкентте 4 бала өрттен құтқарылды

Фото: Арман Мухатов

Жаңалықтар
103

Өрт сөндірушілер 4 баланы оттан құтқарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтер жанды.

ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден қолмен көтеріп, баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, – деп қосты ведомство.

16 шаршы метр аумақтағы жалын жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар. 

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...