Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы
192

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астандағы АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға келіп дауыс берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Ең әуелі Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар тізімі негізінде жеке куәлігін көрсетті, оған бюллетень берілді. Президент сайлаушылар тізіміне қол қойып, бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында толтырды. Одан соң бюллетеньді шыны жәшікке тастады.

Республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылады.

Айта кетейік, бүгін дауыс беру сайлау учаскелерінде 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сонымен қатар 80-нен астам учаске жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша барлығы 10 000-нан астам дауыс беру учаскесі бар.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...