Сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы өмірден өтті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1105

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. 

Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын.

Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне «құран бағыштадық» деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...