Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялап, көпшілікке дипл...
Алтынай Жорабаева марқұм әнші Гүлнәр Сиқымбаеваға әсерлі жазба арнады
коллаж: madeniportal.kz
Алтынай Жорабаева Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның қазасына байланысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алтынай Жорабаеваның айтуынша, Гүлнұр Сиқымбаева әншінің жерлесі болған және әрдайым отбасыларымен жақсы араласатынын айтты.
«Ешкімге өкпелемейтін, көркем мінезді әпкем ( Дулат, Дулаттың ішінде сиқым әпкем ) Кішкентай кезімізде , «Біздің ауылдан шыққан» деп мақтанушы едік. Ал сіз болсаңыз , қарапайым болып, папамды мақтан тұтып: Құлажан көкем молоковоз айдағанда , біз фермада сиыр сауатынбыз. Құлажан көкем мен Жаңыл жеңешем сондай үлгілі отбасы” деп көрген сайын еске алушы едіңіздер... Алла алдыңыздан жарылқасын Гүлнәр әпке!», - деді әнші Алтынай Жорабева.