Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпаратты жоққа шығарды, хаба...
Бір отбасын өрттен құтқарып қалды. Абай облысында полиция қызметкері ерлік жасады
Фото: ktk.kz
7 қазанда сағат 01:15 шамасында табиғатты қорғау полициясының инспекторы Ерасыл Сыдыков кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатып, түтінді байқап қалады. Ол бірден көлігін тоқтатып, оқиға орнына бет алады.
Бородулиха ауылы Крупская көшесі 137 мекенжайындағы жеке үйдің шатыры жанып жатқаны анықталады. Ерасыл Сыдықов тез арада №12 өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне хабарласып, өрттің нақты мекенжайын жеткізді. Өрт сөндірушілер келгенше уақытты босқа өткізбей, ол әрекет ете бастады.
Полицей үй иелерін ояту үшін терезелер мен есіктерді қағып, іште адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысты, алайда ешкім жауап бермеді. Оқиғаның қауіптілігін түсініп, тәртіп сақшысы терезені сындырып, үйге кірді. Ол барлығын оятып, отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.