Елордада көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнатылады. Бұл тура...
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik.com
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суық эпицентрінде болады, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында және шығысында қатты қар жауады, ал жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжанған. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады, бірақ антициклон түнгі температураның 5-10 градус аязға дейін төмендеуін күшейтеді, қалған аумақтарда термометрлер 2-10 градус минус белгіге дейін төмендейді, тек оңтүстік аймақтарда түнде 5-10 градус жылы күтіледі.