Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жиналған студенттерге елорда әкімдігін...
Елде пандемияға дайындықты бастады
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бүкіләлемдік банк қолдауымен Қазақстандағы Пандемиялық қор жобасы іске қосылды,- деп хабарлайды madeniportal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Іс-шараға қатысқан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жобаның маңыздылығын айтты.
Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы жоғары. Әр ел пандемияны өзінше жеңіп шықты. Дұрыс дайындықтың жоқтығынан біз де біршама азаматтарымыздан айырылдық. Сондықтан бүгінгі жоба барлық ел үшін маңызды болмақ. Қауіп болған. Әлі де бола береді. Сол себепті біз пандемия болған жағдайда толық дайын болуымыз керек.
2023 жылы Пандемиялық қор басқарушыларының кеңесі, Қазақстанды қоса, 37 елде келешек пандемияларға төзімділікті арттыруға бағытталған гранттардың бөлінуін мақұлдаған. Пандемиялық қор гранты Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі, әсіресе, эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және жауап беру, сондай-ақ персоналды оқытып-үйрету саласындағы ең зор маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жоба, - деді Ақмарал Әлназарова.