6 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп айыпталғандардың бәрі ақталып шықты

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
384

Алматыда 6 жасар Лиза Пылаеваны өлтірді деп айыпталғандардың барлығы ақталып шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

2019 жылы анасының үйінде (дәлірек айтсақ, ауласында) жұмбақ жағдайда қайтыс болған алты жасар Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты.

Үш адам Лизаның тәтесі, әжесі және қыздың денесін тапқан аула тазалаушы күдікке ілінді.

Қыздың әкесі оның өліміне үлкендердің қатысы бар екеніне сенімді, кейін олар кісі өлтіру фактісін бұрмалап, оны оқыс оқиға ретінде көрсетті дейді.

Бастапқыда іс бойынша қыздың үстіне мүсін құлады деген нұсқа қаралды, бірақ сарапшылар бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Сот айыпталушылардың кінәсін анықтауға дәлелдер жеткіліксіз деген қорытындыға келіп, ақтап шығарды.

“Сот отырысында тағылған айып расталмады. Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа куәлар жоқ. Сотталушылар тергеуде де, сот талқылауында да өз кінәларын мойындамай, тұрақты көрсетпе берді. Олар қыздың, ауланың артқы жағында, мүсіннің астынан ес-түссіз жатқан күйде табылғанын көрсетті. Қызғаныштан кісі өлтіру себебі – болжам және тергеуде дәлелденбеген», деп мәлімдеді сот.

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды&nb...