Түркістан облысында көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан

Ulusmedia.kz

Жаңалықтар
649

Түркістан облысында 3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды.

Журналистің айтуынша, Асылымның қырқына дайындалып жатқанда көршілес үйдің тағы бір қызы дәретханаға құлай жаздап, құтқарып қалған. Кішкентай қыздарды қинап, өлтіріп, дәретханаға лақтырып жүрген ересек адам бар деген сөз Сіргеліде желдей есті. Бір ажалдан аман қалған 5 жасар қыз Нұрай өзін кім қорқытқанын, қайда шақырғанын, буындырып ұрғанын бәрін айтып берді. Қыздың көйлегінің ұшын көріп қалған (ол да көрші) 7 сынып оқушысы мұнда не болып жатыр деп құтқарған.

«Содан іс қайта ашылып, тергеу басталды. Нұрайдың айтқанының бәрі рас болды. Асылымның үйіне 40 жыл қарама-қарсы тұрған көршінің қызы қандықол қылмыскер болып шықты. 16 жасар (атын Жанира деп қояйық) бәрін мойындады. Тергеу Жанираны ауытқуы бар шизофрения деп тапты. Бүкіл ауыл бұл отбасының бір түнде өзге жаққа көшіп кетуін талап етуде. Алла басқа бермесін, қиын жағдай», -  деп жазды ол.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында таңғы 9-да 3 жастан асқан Асылым ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бүлдіршін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан табылды. Сарыағаштық сот медициналық сараптама қыз таза, тек беті сырылған, артынан соққы алған, бұл соққы дәретхана тесігіне ұрылғаннан болды, Асылым дәретханаға өзі түсіп кеткен деп көрсетті.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...