Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің тағы бір әдісі пайда болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2938

Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды madeniportal.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет.

Трекингпен төлеу үшін:

- маршруттар бөліміне өтіңіз;
- қажетті бағдарды таңдаңыз;
- белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;
- төлеу функциясын басыңыз;
- төлемді растаңыз.

Төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:

- көлік картасы;
- QR-код сканерлеу;
- Bluetooth арнасы;
- банк картасы;
- NFC құрылғылары;
- автобустың борт нөмірі;
- трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда күтіліп отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды күн өт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Астана – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты...