"Жеңгесіне айтқан”: Ақтөбеде 14 жастағы қызды 2 ағасы зорлап келген

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
4491

Ақтөбеде 14 жастағы қызды туыстары бірнеше жыл бойы зорлап келген. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақтөбелік 14 жасар қыздың анасы "NeMolchiKZ" қорының қауымдастығына үндеу тастады. Айтуынша, қызы соңғы уақытта тұйықталып, депрессияға түскен. Анасы барлық жағдайды 23 қыркүйекте білген. Жасөспірім жеңгесіне сырын ақтарған. Яғни, ағалары 8 жасынан бастап зорлап келгені туралы айтқан. Қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін анасы қазіргі кезде жұмысқа бара алмай, балаларын қарап отыр. Себебі сот күдіктілерді үйқамаққа жіберген.

Полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктілердің 2 ай үйқамаққа жіберілгенін растады. Тергеу жүріп жатқан кезде өзге ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...