Аңшылар жоғалды: Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3968

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

"Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", — делінген хабарламада. 

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...