Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 12...
ФТБ Дональд Трампқа оқ атқан адамның кім екенін анықтады
ФТБ ғимараты. Көрнекі фото: Brooks Kraft/CORBIS/Corbis via Getty Images
ФТБ қызметкерлері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасаған адамның кім екенін анықтады. Саясаткерге оқ атқан 20 жастағы жігіт болып шықты, деп хабарлайды CNN басылымына сілтеме жасаған madeniportal.kz
ФТБ ақпаратына сәйкес, Дональд Трампқа қастандық жасаған 20 жастағы Томас Мэтью Крукс болып шықты.
"ФТБ Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының тұрғыны 20 жастағы Томаса Мэтью Круксты 13 шілде күні Батлер қаласында бұрынғы президент Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысы бар деп таныды", - делінген Федералды тергеу бюросының ресми хабарламасында.
Оқиға бойынша тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.
Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған. Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.