Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

Жаңалықтар
1262

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді.

"Алдағы жеке концертімді Астана күні мерекесін тойлауға сый ретінде Қазақстан халқына арнағым келеді. Мен мұны бұрыннан жоспарлап жүргенмін, енді міне мүмкіндік туды", - деді Димаш Құдайберген ОКҚ брифингінде.  

Оның айтуынша, концерт төрт-бес бөліктен тұрады. Бағдарламада қазақтың халық әндері, танымал композиторлардың шығармалары, сондай-ақ Димаштың авторлық туындылары да бар. Концерт "Астана Аренада" өтеді. 2017 жылы Димаштың Қазақстан астанасында өткен концертіне 30 мыңға жуық адам келген еді. Еске салайық, наурызда әнші Кремльде жеке концертін береді.

Kaz.tengrinews.kz .

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...