Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты

ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
502

12 қазан күні сағат 20.00 шамасында Астана қаласында Есіл жағалауындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Сол маңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздары оқиға орнына алғаш боп жеткен.

Капитан Дархан Бәкен бастаған әскери жасақ жауынгерлері бірден мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарады. Дереу өрт сөндіру қызметіне және құқық қорғау органдарына хабар береді. Бұл уақытта өзге жасақтар уақыт жоғалтпай асүйге өтіп, жарылыстың алдын алу мақсатында газ баллондарды да өрттен қашық жерге алып шығады.

Қала көшелерінің тыныштығын қамтамасыз ету кезінде Мәмбетов көшесі 3 мекен-жайында орналасқан «Али баба» мейрамханасынан шыққан түтінді байқадық. Патрульдік топ бастығы лейтенант Селімжан Жансүгіровтің басшылығымен әскери жасақтар өрт аумағын қоршауға алып, тиісті шараларға кірісті. Оқиға орнына өрт сөндіру тобын шақырдық. Олармен қатар, тәртір сақшылары да жұмыс істеп жатыр, - дейді Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің офицері.

Ұландықтардың жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында тілсіз жаудың ушығуына және адам шығынына жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...