“Інім түрмеде 14 жыл отырады”: атышулы Хасан алғаш рет сұхбат берді

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
3632

Orda.kz журналистіне банданың жетекшісі атанған Хасан сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Хасан Талғардағы жағдайға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

"Руым-Албан. Алматы облысы Кеген ауылында 1984 жылы дүниеге келдім. Әкемнің жұмыстарымен Талғар ауданы Рысқұлов ауылына көшіп келдім. Осы ауылда 11-сыныпты бітірдім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия факультетінде оқыдым. Кейін Қызылорда облысына жұмысқа бардым. 2011 жылы қайта Талғарға келдім. Содан бері кәсіппен айналысамын”, - деді ол.

Хасан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Тіпті, қазір ол ауылда тұрмайтынын да айтты.

“Мен әлгі күнге дейін түсінбеймін, неге олай деп жатқанын. Себебі мен адал жұмыс істеп жүрген адаммын. Адамдар жалғыз мені ғана емес, бауырларымды да қаралап жатыр. Туған ағам Аслан Қасымбаев әкім аппаратында жұмыс істейді. Полицияда, прокуратурада туыстарым жоқ. Ержан деген інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол таөырып мен үшін ауыр, оны қозғамай ақ қойыңыз”, деді Хасан.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қазақстандық трансгендердің соққыға жығылған видеосы  тарады, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...